Accessibility links

Қазақстан мен АҚШ виза мерзімін ұзартты


Виза алуға берілген құжаттарды қарап жатқан елшілік қызметкері. (Көрнекі сурет)

Виза алуға берілген құжаттарды қарап жатқан елшілік қызметкері. (Көрнекі сурет)

"Қазақстан мен АҚШ арасында азаматтарға 5 жылдық визаларды көп мәрте беру туралы келісім күшіне енді" деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігі. Екі ел келісімнің күшіне енгені туралы ноталарды Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың Вашингтонға барған сапарында алмасқан.

Министрлік таратқан ақпаратта "Биылғы 1 тамыздан бастап Қазақстан мен АҚШ азаматтарына осы елдерге бару үшін 5 жылдық дипломатиялық, қызметтік, іскерлік, туристік, жеке және студенттік визаларды көп мәрте бере бастайды" деп жазылған.

Бұған дейін екі ел бір-бірінің азаматтарына тек бір жылға жарайтын көп реттік визаларын беріп келген.
XS
SM
MD
LG