Accessibility links

Қазақстанда 2457 әкім сайланатын болды


Қазақстандық сайлаушы. Көрнекі сурет
Қазақстандық сайлаушы. Көрнекі сурет
Орталық сайлау комиссиясы хатшысы Венера Жексембекова тамыз айында өтетін ауыл және аудан әкімдерін сайлау барысын хабарлады. Оның айтуынша, барлығы 2457 әкім сайланады. Оның 47-сі - аудандық маңызы бар қалалардың, 2101-і - селолық округтердің, 119-ы - ауылдардың, 190-ы - селоның әкімдері.

Венера Жексембекованың айтуына қарағанда, әкімдікке кандидаттарды аудан әкімі жергілікті тұрғындармен кеңесіп барып мәслихатқа ұсынады. Қазірге дейін мыңнан астам кездесу мен кеңесу өтіп, әкімдікке 895 кандидат ұсынылған.

Әкімдерді жергілікті аудан я қалалық мәслихат депутаттары сайлайды. Сайлау тамыздың 5-і мен 9-ы аралығында өтеді. Сайлау кампаниясы - әкімдерді сайлау мен оның нәтижесін шығару бір айға дейін созылады.

Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы заң 2013 жылы маусым айының соңында күшіне енген.
XS
SM
MD
LG