Accessibility links

Ресей жоғарғы соты хиджабқа тыйымды қолдады


Хиджаб таққан оқушы қыз. (Көрнекі сурет).

Хиджаб таққан оқушы қыз. (Көрнекі сурет).

Ресейдің жоғарғы соты елдің Ставрополь өлкесі мектептерінде оқушы қыздардың хиджаб тағуына салынған тыйымды қолдаған шешім шығарды. Ставрополь өлкесі басшылығы өткен күзде мектеп оқушыларына бірыңғай мектеп формасын енгізіп, мектепте діни киім, оның ішінде оқушы қыздардың хиджаб киюіне тыйым салған еді.

Ставрополь өлкелік соты бұған дейін мектеп формасының енгізілуі мен хиджабқа тыйым салуды заңды деп таныған.

Ставропольдегі мұсылман отбасыларының адвокаты Мурад Мусаев жоғарғы соттың шешіміне шағымданатынын айтады.

Ресейдің Ставрополь өлкесі мұсылмандар басым Шешенстан, Дағыстан, Кабарда-Балқар және Қарашай-Шеркес аймақтарымен шектеседі.

Ресми дерек бойынша, Ресейдің 143 миллион халқының 20 миллионға жуығы - мұсылмандар.
XS
SM
MD
LG