Accessibility links

Бурджанадзе: Сайлауда жеңсем, Саакашвили қамалады


Нино Бурджанадзе, грузин оппозициясының жетекшісі.

Нино Бурджанадзе, грузин оппозициясының жетекшісі.

Грузия президенттігіне кандидат Нино Бурджанадзе "сайлауда жеңіске жетсе, қазіргі президент Михаил Саакашвили тұтқындалатынын" мәлімдеді. Бұрынғы парламент спикері және оппозициялық "Демократиялық қозғалыс" партиясының жетекшісі бұл туралы 10 шілде күні Тбилисидегі баспасөз жиынында айтты.

Бурджанадзе президент сайлауында жеңсе, Саакашвили басқаратын "Біріккен ұлттық қозғалыс" партиясының қылмыстық ұйым екенін дәлелдеу үшін тергеу бастайтынын айтады. Ол партия жетекшісі Саакашвилидің "бірінші болып тұтқындалатынын" да ескертті.

Өткен айда премьер-министр Бидзина Иванишвили де журналистермен кездесуінде "Саакашвилидің тұтқындалуы мүмкін" екенін айтқан.

2013 жылы қазанда Иванишвилидің "Грузия арманы" партиясы парламент сайлауында жеңіске жеткен соң президенттің бірнеше жақтасы, оның ішінде бұрынғы премьер Вано Мерабишвили, "Біріккен ұлттық қозғалыс" партиясының хатшысы да тұтқындалған. Оларға бірнеше қылмыс бойынша айыптар тағылып отыр.
XS
SM
MD
LG