Accessibility links

АҚШ Египетке қаржылық көмегін қайта қарамақ


АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обама Пентагонға Египетке берілетін әскери көмекті қайта қарауға тапсырма берді.

Пентагонның сәрсенбіде таратқан мәлімдемесінде Обаманың Египеттегі "соңғы аптада болған жағдайларды ескере отырып тапсырма бергені" айтылады.

АҚШ Египетке жыл сайын 1,3 милилард АҚШ доллары көлемінде әскери көмек береді.

АҚШ Египетте әскерилердің Мұхаммед Мурсиді президенттіктен шеттетуін әскери төңкеріске балауға қатысты екіұдай ұстанымда отыр.

Бұған дейін Египеттің уақытша үкіметі Мурсиді қолдайтын "Мұсылман бауырлар" партиясының жетекшісі Мухаммад Бади мен өзге де басшыларын тұтқындауға бұйрық берген. Партия жетекшілеріне дүйсенбіде "Мурсидің жақтастарын қауіпсіздік күштерімен қақтығысуға арандатты" деген айып тағылды. Сол күнгі қақтығыстарда 50-ден астам адам мерт болған.

"Мұсылман бауырлар" партиясының өкілі партия жетекшілерінің тұтқындалуын Мурсидің билікке оралуын талап етіп жатқандардың шеруін болдырмау амалы деп бағалады.
XS
SM
MD
LG