Accessibility links

Бостонда айыпталған қазақстандықтар соты шегерілді


Солдан оңға: Азамат Тәжаяқов, Диас Қадырбаев және Джохар Царнаев. (Диас Қадырбаевтың "ВКонтакте" желісіндегі парақшасынан алынған сурет).
Солдан оңға: Азамат Тәжаяқов, Диас Қадырбаев және Джохар Царнаев. (Диас Қадырбаевтың "ВКонтакте" желісіндегі парақшасынан алынған сурет).
Бостон марафоны кезінде болған жарылыстарға қатысты айыпталып отырған қазақстандық Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаевтың ісі бойынша сот тыңдауы тағы да кейінге қалдырылды. Бұл туралы Тәжаяқовтың адвокаты Аркадий Бухқа сілтеме жасаған "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі хабарлады.

Бух "Сот тыңдауы шілдеде болмайды. Тыңдаудан бұрын әуелі олар судьяларға көрінуі тиіс. Сот сол кезде тыңдау қашан өтетінін және оны кім жүргізетінін анықтайды" деген. Оның айтуынша, күдіктілердің сотқа көріну мерзімінің өзі тамыз айына шегеріліп жатыр.

Адвокаттың сөзіне қарағанда, АҚШ прокурорларының айыптары дәйекті емес.

Сәуірдің 15-і күні Бостон қаласында марафон кезінде бомба жарылысынан 3 адам мерт болып, 260-тан астам адам жараланды. Полиция жарылысқа күдіктілер ретінде ағайынды Тамерлан мен Джохар Царнаевтарды атады. Тамерлан Царнаев сәуірдің 18-і күні полициямен атыс кезінде оққа ұшты. Ал Джохар Царнаев сәуірдің 19-ы күні Бостон қаласының шетінде ұсталды.

Джохар Царнаевқа қатысты алғашқы сот отырысы сәрсенбі, 10 шілдеде өткен. Царнаевтың сотымен қатар қазақстандықтардың ісі бойынша да алдын ала тыңдау осы күнге белгіленген еді.

Массачусетс Дартмаус университетінде Джохар Царнаевпен бірге оқыған қазақстандықтар - Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаев "Бостон марафонындағы жарылыстарды тергеу ісіне кедергі келтірмек болды" деп айыпталып, АҚШ-та қамауда отыр.
XS
SM
MD
LG