Accessibility links

Белсенділер жиыны қарсаңында тергеу күшейді


Facebook желісіне Айгуль Утепова атты қолданушы "Қазақстандық белсенді, Дінмұхамед Қонаев атындағы қордың президенті Арынбек Ойшиев қаржы полициясының шақыртуын ұстап тұр" деп жариялаған сурет. 11 шілде 2013 жыл.
Facebook желісіне Айгуль Утепова атты қолданушы "Қазақстандық белсенді, Дінмұхамед Қонаев атындағы қордың президенті Арынбек Ойшиев қаржы полициясының шақыртуын ұстап тұр" деп жариялаған сурет. 11 шілде 2013 жыл.
Қазақстан демократиялық күштерінің жиынына бір күн қалғанда оппозициялық белсенділер қаржы полициясының іс-шараға қатысуға кедергі келтіре түскенін айтады.

Қазақстан демократиялық күштерінің жиыны шілденің 12-13-і күндері Алматыда өтеді.

Оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлин бастаған ұйымдастырушылар «Биліктің қысымы шектен шығып кетті. Әзірге өтетін жерді айтпаймыз» дейді.

Ал Қазақстан қаржы полициясы белсенділердің не себепті сұралып жатқаны туралы Азаттықтың сауалхатына осымен үшінші күн жауап бермей отыр.

ШЫМКЕНТТЕГІ БЕЛСЕНДІЛЕР

Шілденің 11-і күні Facebook әлеуметтік желісі әр аймақтан қысымға ұшырағанын хабарлаған белсенділер жазбасына толып кетті. Азаттық тілшісі олардың бірнешеуімен сөйлесті.

- Шымкенттегі қаржы полициясына шілденің 9-ында бардым. Ондағылар «Жиын Әблязовтың қаржысына өтеді. Барсаң, Әблязовтың қылмыстық жолмен тапқан қаржысын легализация жасауға көмектескен болып шығасың» деді. Мен еркін жүріп-тұру құқығым бар екенін айттым. Төлқұжатымды сұрады. Көшірмесін
Facebook әлеуметтік желісіне Айгуль Утепова атты қолданушы жариялаған, белсенді Арынбек Ойшиевке берілген қаржы полициясының шақыртуы. 11 шілде 2013 жыл.
Facebook әлеуметтік желісіне Айгуль Утепова атты қолданушы жариялаған, белсенді Арынбек Ойшиевке берілген қаржы полициясының шақыртуы. 11 шілде 2013 жыл.
бердім, түпнұсқасын бермей қойдым. «Әкеп бер» деді. Бүгінге де, ертеңге де повестка беріп қойған. Оларына бармаймын. Кешке Алматыға шығамын, - деді Шымкент қаласының тұрғыны Асқар Жұмағұлов.

Қазақстан коммунистік партиясының Оңтүстік Қазақстан облысындағы филиалының бірінші хатшысы Ерназар Пернеев «Шымкенттегі қаржы полициясының «Жиынға Әблязовтың қаржысымен кетіп барасың. Балаларыңды жұмыстарынан шығартамыз» деп қоқан-лоқы жасағанын айтты. Оның төлқұжатын алып қойған. Белсендінің Алматыға пойызға билеті бар, бірақ «құжатын қайтармаса, жолға шыға алмай қалуы мүмкін екенін» айтты.

Жеке азамат ретінде жиынға қатысуды жоспарлаған Жеңіс Досжанов та қаржы полициясының «жиынға бармайсың» деп ауызша ескерту жасап, Әблязов туралы сұрақтар қойғанын» айтты. Оның да төлқұжатын талап еткен. Досжанов «Құжатымды бермедім, бүгін Алматыға аттанамын» дейді.

ОРАЛДЫҚТАР ТӘСІЛІ

Оралдық белсенділер де қаржы полициясының кедергісіне ұшыраған. Бірақ Алматыға келе жатқан Асқар Шайғұмаров Қазақстанның адам құқықтары
Оралдық белсенді Асқар Шайғұмаров (сол жақ шетте) бастаған азаматтар сотталған жаңаөзендіктерді түрме алдында күтіп тұр. Орал, 30 мамыр 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Оралдық белсенді Асқар Шайғұмаров (сол жақ шетте) бастаған азаматтар сотталған жаңаөзендіктерді түрме алдында күтіп тұр. Орал, 30 мамыр 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
бюросының кеңесімен тығырықтан шыққандарын айтады.

- Оралдан 30 адам шығуы керек болған. Барлығына повестка берді. Бірақ біз Қазақстан адам құқықтары бюросынан кеңес алдық. Шақырту қағазында шақырған себептері мен шақырылған адамның құқықтық мәртебесі (куәгер, айыпталушы - ред.) көрсетілуі керек екен. Ондай ештеңе жоқ. Шақыртуды жарамсыз деп, көп адам бармады. Мені көшеден ұстап, көлікке салып апарды. Әблязов туралы, жиын туралы сұрады. «Әблязов ақшасын қайда жасырып отыр?» деген сауал қойды. «Білмеймін. Алматыға жеке шаруамен барамын» дедім. Менен бөлек қазір 13 адам Оралдан ұшақпен келе жатыр, - дейді ол.

«ҚАРАҒАНДЫДАН ШЫҚПА ДЕГЕН СОТ ШЕШІМІ ЖОҚ»

Ал қарағандылық белсенді Валентина Махотина қаржы полициясына басқаша уәж айтқан.
Қаржы полициясының сұрақтары қызық: «Әблязовты танисың ба?», «Ол ақшасын қайда жасырып отыр?» дейді.
Қарағандылық белсенді Валентина Махотина.

- Мені кеше бір жарым сағат тергеді. Сұрақтары қызық: «Әблязовты танисың ба?», «Ол ақшасын қайда жасырып отыр?» дейді. Мен куәгер ретінде жауап беруім керек екен. «Алматыдағы жиынға барасың ба?» деп те сұрады. Оның қайда өтетінін қатты білгілері келді. «Білмеймін» дедім. Сосын тергеушіден «Мені Қарағандыдан шықпауға міндеттейтін сот шешімі бар ма?» деп сұрадым. Ол еріксіз «жоқ» деді. Бүгінге де шақырған. Мен оларға жолға шығып бара жатқанымды айттым. Билетім бар, кетіп барамын, - дейді ол.

Азаттық тілшісі сөйлескен белсенділердің барлығы Алматыдағы жиынға «жеке азаматтық ұстанымы» бойынша бара жатқанын, Мұхтар Әблязов пен оған
Қуғындағы бизнесмен Мұхтар Әблязов.
Қуғындағы бизнесмен Мұхтар Әблязов.
қатысты қандай да бір ұйымдармен байланыстары жоқ екенін айтты.

Бұл азаматтардан бөлек өздерінің қаржы полициясына шақырылғанын әлеуметтік желілер арқылы Сергей Питерский, Marlen Esilbaev, Азамат Муханов, Фарид Ишмухаметов, Тулеген Касенов, Виктор Новиков, Ольга Березуцкая, Дильнар Инсенова, Анаргул Абенова, Арынбек Ойшиев, Ксения Ермаганбетова есімді интернет-қолданушылар да хабарлады.

Ал Алматыдағы демократиялық күштер жиынын ұйымдастырушылар Азаттық тілшісіне жиынның шеру түрінде емес, ғимарат ішінде өтетінін хабарлады. Бірақ «қаржы полициясының кедергі келтіруінен қорқып» мекен-жайды жалпыға жария қылмай отыр.

2009 жылы қуғынға ұшырап, шетелге қашқан оппозициялық саясаткер, банкир Мұхтар Әблязовты Қазақстан билігі тіркелмеген күйі 2012 жылы сот үкімімен экстремистік ұйым деп танылған «Алға» оппозициялық партиясын және ондаған медиа компанияларды қаржыландырушы деп санайды. Президент Нұрсұлтан Назарбаевты ашық сынауға көшкен Мұхтар Әблязов өзіне қатысты қылмыстық іс қозғап, халықаралық іздеу жариялаған Қазақстан билігінің әрекетін саяси астары бар қысым деп сипаттайды.

Ал шілденің 12-13 күндері Алматыда оппозициялық күштер жиынын өткізуді жоспарлаған оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлин бұл іс-шараға қатысқысы келген белсенділердің «Әблязов ісіне» еш қатысы жоқ екенін, қаржы полициясы осындай желеумен кездесулерін өткізуге кедергі жасап жатқанын айтады.
  • 16x9 Image

    Рахат МАМЫРБЕК

    Рахат 2010 жылдан бері Азаттықтың Алматы бюросында редактор және жүргізуші болып қызмет атқарып келеді. ҚазҰПУ-ді саясаттанушы мамандығы бойынша бітірген. "Қазақстан", "31-арна", КТК және "Алматы" телеарналарында жүргізуші, редактор болып тәжірибе жинаған. Жергілікті телеаудиторияға кең танылған "Күлтөбе" телехабарының авторы әрі модераторы болған.

XS
SM
MD
LG