Accessibility links

JIR: Сауд Арабиясында зымыран ұшыратын алаң табылды


Сауд Арабиясының картасы. Көрнекі сурет.

Сауд Арабиясының картасы. Көрнекі сурет.

Лондонда орналасқан Jane's Intelligence Review (JIR) журналы Сауд Арабиясында бұрын белгісіз болған, зымыран ұшыруға арналған алаң табылғаны туралы хабарлады.

Бейсенбіде жария болған материалда ұшыру алаңы ел астанасы Эр-Риядтан оңтүстік-батысқа қарай 200 километр қашықтықта орналасқаны айтылады. Бұл жерден ұшырылған зымырандар Израиль мен Иранға бағытталуы мүмкін. Материалда Иран мен Израильге бағытталып тұрған, зымыран ұшатын тұғырлардың спутниктен түсірілген суреттері қоса берілген.

Шииттер басқаратын Иран - Сауд Арабиясымен бұрыннан бақталас. Сауд Арабиясын сүнниттік исламның консервативті формасы - салафизмді ұстанатын король әулеті басқарады.

Батыстың жақын одақтастары Сауд Арабиясы мен Израиль Иранның ядролық бағдарламасына қатысты алаңдаушылық білдіреді.

Сауд Арабиясының билігі әзірге зымыран алаңына қатысты ақпаратқа қатысты түсінік бермеді.
XS
SM
MD
LG