Accessibility links

Қазақстанда кейбір Facebook қолданушылар кешеден бері әлеуметтік желіге кіру қиындағанын айтады. Интернетке "Қазақтелеком" провайдері арқылы қосылған кейбір қолданушылар әлеуметтік желілерде тек осы желінің ашылмай тұрғанын хабарлады.

"Қазақтелеком" компаниясының қоғаммен байланыс бойынша менеджері Сара Бакирова Азаттық тілшісіне Facebook-тің ашылмай тұрғаны туралы абоненттерден ешқандай шағым түспегенін айтты. Оның сөзіне қарағанда, компания коммерциялық ұйым болғандықтан "қандай да бір ресурсқа шектеу қою - компания үшін тиімсіз".

Интернет қолданушылар әлеуметтік желілерде шектеу қойылған сайттар мен ресурстарға кіру тәсілдерімен бөлісіп жатыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG