Accessibility links

Сноуден құқық қорғаушыларды кездесуге шақырды


Эдвард Сноуден, АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы тыңшысы. Гонконг, 8 маусым 2013 жыл.

Эдвард Сноуден, АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы тыңшысы. Гонконг, 8 маусым 2013 жыл.

Мәскеудегі Шереметьево әуежайында тұрып жатқан АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден 12 шілдеде Ресей және шетел құқық қорғаушыларын кездесуге шақырды.

Шереметьевоға кездесуге шақырылған құқық қорғау ұйымдары арасында Amnesty International, Human Rights Watch, Transparency International және ресейлік бірнеше заңгер бар.

Сноуденнің Reuters агенттігіне жіберген хабарламасында кездесуге журналистер кіргізілмейтінін, бірақ кездесу соңында оларға арналған баспасөз жиыны өткізілетіні хабарланған.

"Құпия мәліметтерді жария етті" деп айыпталып отырған Эдвард Сноуден АҚШ арнайы қызметінің түрлі елдердегі азаматтардың интернеттегі және телефондағы байланыстарын жасырын тыңдайтын құпия бағдарламасын әшкере қылған еді. Бағдарлама халықаралық деңгейде жанжал тудырып, АҚШ-тың одақтастары да оған наразылық білдірген. АҚШ-та Эдвард Сноуденге барлау қызметінің құпия бағдарламасын әшкерелегені үшін "тыңшылық жасады" деген айып тағылып, іс қозғалған.

Сноуден құқық қорғаушыларға жазған хатында Венесуэла, Боливия, Никарагуа үкіметтері өзіне ұсынған саяси баспана мәртебесін алуға АҚШ билігі "кедергі жасап жатқанын" айтқан.
XS
SM
MD
LG