Accessibility links

Малала Юсуфзай әйелдер құқығын қорғауға шақырды


Малала Юсуфзай БҰҰ жастар ассамблеясында сөйлеп тұр. Нью-Йорк, 12 шілде 2013 жыл.

Малала Юсуфзай БҰҰ жастар ассамблеясында сөйлеп тұр. Нью-Йорк, 12 шілде 2013 жыл.

Пәкістанда қыздардың сауатын ашуды жақтаған іс-шараларға қатысқан 14 жастағы блогер қыз, "Талибан" сарбаздары қастандығынан қалған Малала Юсуфзай БҰҰ жастар ассамблеясында сөйледі.

- Бүгін әйелдер мен қыздардың білім алу мәселесін баса айтқым келеді. Өйткені ең көп жапа шегетін - солар. Бір кездері қоғамдағы белсенді әйелдер құқықтарын қорғау үшін ерлерден көмек сұрайтын. Бірақ бұл жолы оны өзіміз жасаймыз, - деді Малала Юсуфзай.

Ол "өзін атқандар үнін өшіре алмағанын" айтып, әлем елдері басшыларын әйелдер мен қыздар құқығын қорғауға шақырды.

Малала Юсуфзай сөйлеген жиынға 85 мемлекеттен 500-ден астам жастар жетекшілері, БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун, БҰҰ-ның әлемдік білім беру жөніндегі елшісі, Ұлыбританияның экс-премьері Гордон Браун қатысты.

DPA агенттігінің хабарлауынша, БҰҰ 12 шілдені Малала Юсуфзай күні деп белгілеген.

Малала Юсуфзай мен оның екі сыныптасына 2012 жылы қазан айында Пәкістанның солтүстік-батысында мектептен қайтып бара жатқанда "Талибан" сарбаздары шабуыл жасаған еді. Мойны мен басына оқ тиіп ауыр жараланған Малала Ұлыбританияда емделіп, қазір сол елде тұрып жатыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG