Accessibility links

Баймағанбетовтің жазасы өзгермеді


Кедендік бақылау комиетінің бұрынғы төрағасы Серік Баймағамбетов сот залында. Астана, 19 қыркүйек 2012 жыл.

Кедендік бақылау комиетінің бұрынғы төрағасы Серік Баймағамбетов сот залында. Астана, 19 қыркүйек 2012 жыл.

Астананың қылмыстық істер бойынша апелляциялық сот алқасы Қазақстанның кедендік бақылау комитетінің бұрынғы басшысы Серік Баймағанбетовке бұған дейін шығарылған сот үкімін күшінде қалдырды деп хабарлады ҚазТАГ агенттігі.

Мұның алдындағы сот отырысында прокуратура өкілі 10 жылдық түрме жазасын өтеп жатқан Серік Баймағанбетовтің жаза мерзіміне тағы екі жыл қосуды сұраған еді. Прокурор Баймағанбетовті қылмыстық кодекстің «қызметтік өкілетін теріс пайдалану» және «аса ірі көлемде пара алу» баптары бойынша айыпты деп тауып, жиыны 12 жылға бас бостандығынан айыруды және мүлкін тәркілеуді сұраған.

2013 жылы қаңтардың 8-і күні Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық соты Серік Баймағанбетовті «аса ірі көлемде пара алғаны үшін айыпты» деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кескен. Сот оны «қызметтік өкілетін теріс мақсатта пайдаланды» деген айып бойынша ақтаған.

Прокуратура Баймағанбетов «аса ауыр қылмыс жасағандықтан» соттың оны жартылай ақтаған бұрынғы шешімі негізсіз деп санайды.

Серік Баймағанбетов кедендік бақылау комитетін 2011 жылдың мамырынан 2012 жылдың ақпанына дейін басқарған. Оған дейін Қазақстан ішкі істер министрі де болған.
XS
SM
MD
LG