Accessibility links

Навальныйды жақтаған ондаған адам ұсталды


Ресейдегі наразылық
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:01:41 0:00

Алексей Навальныйды қолдаушылардың қарсылық акциясы туралы видео. Мәскеу, 18 шілде 2013 жыл.

Ресейде бейсенбі күні азаматтық белсенді Алексей Навальныйға шығарылған сот үкіміне қарсылық танытқандар елдің бірқатар аймағында наразылық акцияларына шықты.

Мәскеуде Манеж алаңына жиналғандар «Путин – ұры!» деп ұрандады. Орталық көшелерге қойылған полиция күші алаңдарға өтпек болған наразы жұрттың жолын бөгеп, ондаған адамды ұстап әкетті.

Ресей прокуратурасы Алексей Навальный мен Петр Офицеровті апелляциялық шағым қарау мерзімі аяқталғанша тұтқынға алу заңға қайшы деп санайтынын мәлімдеді. Бұл мәселеге қатысты прокуратураның уәжі сотта жұма күні қаралатыны хабарланды.

Шілденің 18-і күні белгілі блогер, азаматтық белсенді Алексей Навальный «Кировлес» компаниясынан құны жарты миллион АҚШ доллары тұратын мүлікті жымқырғаны үшін айыпты деп танылып, сот үкімімен бес жылға түрмеге кесілген. Онымен бірге айып тағылған кәсіпкер Петр Офицеровті сот төрт жылға бас еркіндігінен айырды. Тергеу орындары таққан айыпты мойындамаған екеуі де сот залында қамауға алынған.

Ресейде президент Владимир Путиннің саясатын сынап, жоғары биліктегі жемқорлықты әшкерелейтін істерімен танылған 37 жастағы Алексей Навальный қылмыстық істі «саяси тапсырма» деп санайды.
XS
SM
MD
LG