Accessibility links

Навальный Мәскеуге оралды


Оппозиция жетекшісі Алексей Навальный (ортада) өзін қарсы алғандардың алдында сөйлеп тұр. Мәскеу, Ресей, 20 шілде 2013 жыл.

Оппозиция жетекшісі Алексей Навальный (ортада) өзін қарсы алғандардың алдында сөйлеп тұр. Мәскеу, Ресей, 20 шілде 2013 жыл.

20 шілдеде Киров қаласынан Мәскеуге поезбен жеткен Ресейлік оппозиция белсендісі Алексей Навальныйды темір жол вокзалында қолдаушылары мен журналистер күтіп алды деп хабарлайды Азаттықтың Орыс қызметі.

Навальныйдың келуіне байланысты Мәскеудің Ярославск вокзалында қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

Киров облыстық соты 19 шілдеде прокуратураның апелляциялық шағымын қанағаттандырып, Алексей Навальный мен Петр Офицеровті қамаудан босату туралы шешім шығарған еді. Содан бір күн бұрын Кировтың Ленин аудандық сотының үкімімен «Кировлес» компаниясынан құны жарты миллион АҚШ доллары тұратын мүлікті ұрлаған» деген айыппен Алексей Навальный - 5 жылға, Петр Офицеров - 4 жылға бас еркіндігінен айыру жазасына кесілген. Тергеу орындары таққан айыпты мойындамаған екеуі де сот залында қамауға алынған.

Сол күні Мәскеу және өзге қалаларда сот үкіміне наразылық акциялары өткен. Ресей астанасында Манеж алаңына жиналғандар «Навальныйға бостандық берілсін!», «Путин – ұры!» деп ұрандап, полиция ондаған адамды ұстап әкеткен.

Ресейде президент Владимир Путиннің саясатын сынап, жоғары биліктегі жемқорлықты әшкерелейтін істерімен танылған 37 жастағы азаматтық белсенді, блогер Алексей Навальныйдың сот үкімі шығардан бір күн бұрын Мәскеу мэріне кандидат ретінде ресми тіркелгені хабарланған еді.
XS
SM
MD
LG