Accessibility links

Египетте негізгі заңға өзгерістер әзірлеуге кіріседі


Египеттің уақытша президенті Адли Мансур. 18 шілде 2013 жыл.

Египеттің уақытша президенті Адли Мансур. 18 шілде 2013 жыл.

Египетте ел конституциясына өзгерістер әзірлейтін комитет жексенбіден бастап жұмысқа кіріспек.

Шілденің 20-сы күні уақытша президенті Адли Мансурдың шешімімен құрылған комитеттің жұмыс тобында 10 заңгер - төрт профессор мен алты судья бар. Комитетке өз ұсыныстарын әзірлеуге бір ай уақыт беріледі. Олар дайындап ұсынған жобаны кеңейтілген құрамдағы құқықтық комиссия екі айдың ішінде қарап, жетілдірген соң жобаның түпкілікті нұсқасы бойынша бүкілхалықтық референдум өткізілетін болады.

Египетте бұған дейін исламшыл билік тұсында әзірленіп, қабылданған конституцияның күші биыл шілденің 3-і күні Мұхаммед Мурси президент қызметінен шеттетілген соң тоқтатылған. Ол конституцияны оппозиция мен құқық қорғаушылар ел азаматтарының бір бөлігінің құқығын шектейді деп сынаған еді.
XS
SM
MD
LG