Accessibility links

АҚШ-тың әйгілі журналисі Хелен Томас қайтыс болды


АҚШ президенті Барак Обаманың брифин өтетін жерге келе жатыр. Ақ үй, Вашингтон, 7 қаңтар 2010 жыл. Көрнекі сурет.
АҚШ президенті Барак Обаманың брифин өтетін жерге келе жатыр. Ақ үй, Вашингтон, 7 қаңтар 2010 жыл. Көрнекі сурет.
АҚШ-та белгілі журналист ардагер әйел Хелен Томас 92 жасында дүние салды.

Томас Ақ үйдегі брифингтерге қатысып, ыңғайсыз сұрақтар қоятын журналист ретінде танымал болған. Әсіресе кіші Джордж Буш президент болып тұрғанда оның Ауғанстан мен Иракқа қатысты саясатын Томас қатты сынға алған.

2010 жылы Томастың «Израиль Палестинадан кетуі тиіс» деген сөзі жазылған видео жарияланып, кейін ол бұл айтқаны үшін кешірім сұраған. Бірақ Ақ үйдегі тілшілер тобынан кетті. Ол жерде Томас Джон Кеннедиден бастап Барак Обамаға дейін 10 президенттің тұсында жарты ғасырдай уақыт жұмыс істеген еді.

Хелен Томасты еске алу сөзінде АҚШ президенті Барак Обама оны «журналистикада әйелдерге қойылған бөгеттерді бұзып, оларға есікті алғаш болып ашқан» адам ретінде атады.
XS
SM
MD
LG