Accessibility links

Крис Фрум «Тур-де-Франс» жеңімпазы атанды


«Тур-де-Франс» көпкүндігінің Фужер мен Тур аралығында өткен 12-кезеңі. 11 шілде 2013 жыл.

«Тур-де-Франс» көпкүндігінің Фужер мен Тур аралығында өткен 12-кезеңі. 11 шілде 2013 жыл.

Францияда жексенбі күні мәреге жеткен «Тур-де-Франс» көпкүндігінің 100-жарысында 28 жастағы британдық спортшы Крис Фрум жеңіске жетті.

Биылғы жарыстың үш кезеңінде бірінші болған Sky командасының өкілі Фрум алғаш рет көшбасшының сары жейдесін киді, ол өзінен кейін екінші келе жатқан Колумбиялық велошабандоз Наиро Кинтанудан бес минуттан астам уақытқа озып кетті. Ал жексенбі күнгі веложарыстың соңғы кезеңін неміс Марсель Киттель алғаш болып аяқтады.

Былтыр «Тур-де-Франс» жарысын тағы бір британ спортшысы Брэдли Виггинс жеңіп алған еді.

Биыл «Тур-де-Франс» көпкүндігі соңғы он жылда алғаш рет бастан-аяқ Франция жерінде өтті. Өткен айдың 29-ы күні Жерорта теңізіндегі Корсика аралынан басталған велотурнирге қазақстандық «Астана» велокомандасы да қатысты.

«Тур-де-Франс» веложарысы тұңғыш рет 1903 жылы өткізілген еді. Әуелгіде француздың L’Auto газетінің жарнамалық жобасы ретінде басталған бұл жарыс уақыт өте келе әлемдегі ең беделді жарыстардың біріне айналды.
XS
SM
MD
LG