Accessibility links

Қытайда зілзаладан 11 адам қаза болды


Жер сілкінісінен зардап шеккен елді мекен тұрғыны. Сычуань провинциясы, Қытай, 21 сәуір 2013 ж. Көрнекі сурет.
Жер сілкінісінен зардап шеккен елді мекен тұрғыны. Сычуань провинциясы, Қытай, 21 сәуір 2013 ж. Көрнекі сурет.
Қытайдың солтүстігіндегі Ганьсу провинциясында 22 шілдеде таңертең қатты жер сілкініп, ондаған адам апаттың құрбанына айналды.

Билік орындарының хабарлауынша, зілзаладан кемінде 11 адам қаза болып, 80 адам зардап шеккен. Алайда олардың қатары тағы көбеюі мүмкін.

АҚШ геологиялық қызметінің ақпаратында 5,9 балдық жер сілкінісінің эпицентрі жердің үстіңгі қабатына жақын болған.

Қытай мемлекеттік Синьхуа агенттігі табиғи апат Ганьсу провинциясының орталығы Ланьчжоудан 170 шақырымдай қашықтықта болғанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG