Accessibility links

Рим папасы Бразилияға сапарын бастайды


Маракана стадионының алаңына жайылған Рим папасы Францисктің бейнесі бар баннер. Рио-де-Жанейро, 21 шілде 2013 жыл.

Маракана стадионының алаңына жайылған Рим папасы Францисктің бейнесі бар баннер. Рио-де-Жанейро, 21 шілде 2013 жыл.

22 шілде күні Рим папасы Франциск Латын Америкасына алғашқы сапарын Бразилиядан бастағалы отыр.

Бразилия үкіметі папаның келуіне орай қауіпсіздіқ шараларын күшейткен. Папа бұл сапарында әлемнің әр түкпірінен жиналатын жас католиктердің жиынына қатысады деп жоспарланған.

Бұдан бірнеше апта бұрын осы елде 2014 жылы өтетін әлемдік футбол чемпионатына бюджет қаржысын жұмсауға, коррупция мен әлеуметтік теңсіздікке қарсы жаппай наразылық шерулері өткен еді.

Биыл көктемде папа ХVІ Бенедикт отставкаға кеткен соң Ватикан тарихында тұңғыш рет Латын Америкасының өкілі – Аргентиналық кардинал 76 жастағы Хорхе Бергольо Рим папасы болып сайланған еді. Рим католик шіркеуі басшылығына иезуиттерден шыққан алғашқы папа өзіне Франциск деген ат таңдап алған.
XS
SM
MD
LG