Accessibility links

Қытай: зілзала құрбандарының саны 47 адамға жетті


Жер сілкінісінен зардап шеккен елді мекен тұрғыны. Сычуань провинциясы, Қытай, 21 сәуір 2013 ж. Көрнекі сурет.
Жер сілкінісінен зардап шеккен елді мекен тұрғыны. Сычуань провинциясы, Қытай, 21 сәуір 2013 ж. Көрнекі сурет.
Қытайдың солтүстік-батысындағы Ганьсу провинциясында бүгінгі зілзаладан мерт болғандар саны 47 адамға жетіп, 300-ге жуық адам жарақат алғаны хабарланды.

АҚШ геологиялық қызметінің ақпаратында 22 шілдеде тіркелген 5,9 магнитудалы жер сілкінісінің эпицентрі жердің үстіңгі қабатына жақын болғаны айтылған.

Қытай билігінің хабарлауынша, Ганьсу провинциясының орталығы Ланьчжоудан 170 шақырымдай жерде 6,6 және 5,6 магнитудалы екі сілкініс болған

Табиғи апат болған аймақта электр және байланыс желілері үзіліп, су құбыры істен шыққан, құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.
XS
SM
MD
LG