Accessibility links

6 айда мыңнан аса адам көлік апатынан мерт болған


Күрежол бойында жол апатына түскен көлік. Көрнекі сурет.

Күрежол бойында жол апатына түскен көлік. Көрнекі сурет.

Қазақстанда биылғы жылдың алғашқы жартысында жол-көлік апатынан бір мыңнан астам адам қаза болған.

Бұл туралы Қазақстан жол полициясы комитетінің ақпаратында «2013 жылдың 6 айында республика жолдарында 8462 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, олардың салдарынан 1167 адам қаза болып, 10837 адамның жарақат алғаны» айтылған.

Өткен жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда 49% өскен жол-көлік оқиғаларының кесірінен қаза тапқандар мен жараланғандар саны тиісінше 5% және 59% көбейген.

Қазақстанның Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарынан басқа барлық аймағында жол-көлік апатының саны өскені тіркелген.

Жол полициясы алты ай ішіндегі жалпы көрсеткіштің 91%, яғни 7665 жол-көлік оқиғасы көлік жүргізушінің кінәсінен болған деп хабарлады.
XS
SM
MD
LG