Accessibility links

Иракта жарылыстан кемінде 12 адам өлді


Бомба орнатылған автокөлікте жарылыс болған жер. Даяла провинциясы, Ирак, 10 маусым 2013 жыл. Көрнекі сурет.
Бомба орнатылған автокөлікте жарылыс болған жер. Даяла провинциясы, Ирак, 10 маусым 2013 жыл. Көрнекі сурет.
22 шілде күні Ирактың солтүстігінде болған жарылыс салдарынан кемінде 12 адам қаза тапқан.

Жергілікті полицияның хабарлауынша, Мосул қаласында әскери автоколоннаға келіп соғылған көлік жарылған. Құрбан болғандар саны 25 адам болуы ықтимал деген болжам да айтылды.

Жарылыстан зардап шеккендер арасында әскерилер мен бейбіт тұрғындар бар деп хабарланды. Әзірге бұл жарылысқа қатысты жауапкершілікті ешкім мойнына алған жоқ.

Associated Press агенттігі Иракта биыл көктемнен бері сүнниттер мен шииттер арасында жиілеп кеткен қақтығыстар мен шабуылдар салдарынан екі мыңнан аса адам мерт болған деген дерек келтіреді.
XS
SM
MD
LG