Accessibility links

Ұлыбритания ханзадасының отбасы ұлды болды


Британ ханзадасы Уильям мен жұбайы Кейт Мидлтоның тұңғыш баласы дүниеге келген емхананың қасында отырған адамдар. Лондон, 16 шілде 2013 жыл.

Британ ханзадасы Уильям мен жұбайы Кейт Мидлтоның тұңғыш баласы дүниеге келген емхананың қасында отырған адамдар. Лондон, 16 шілде 2013 жыл.

Ұлыбритания ханзадасы герцог Уильям мен оның жұбайы Кейт Мидлтонның отбасында тұңғыш бала дүниеге келді.

Кенсингтон сарайының хабарлауынша, шілденің 22-і күні Лондон уақытымен сағат 16.24-те туған ұл баланың салмағы 3.8 келі тартқан.

Жұбайы босанғанда ханзада Уильям қасында бірге болған. Қазір нәресте мен анасының халі жақсы деп хабарланды. Олар сейсенбіге дейін емханада болады.

Өмірге енді келген бұл сәби, ұлыбританиялық король отбасындағы дәстүрге сай, атасы Чарльз және әкесі Уильямнан кейін король тағына мұрагер үшінші адам болып саналады. Уэльс ханзадасы Чарльз өмірге алғашқы немересі келгеніне қуанышты екенін жеткізген.

Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон король отбасындағы қуанышты жаңалықты «ел өміріндегі маңызды оқиға» деп атады.

Тақ мұрагері Чарльз ханзада мен оның бұрынғы жары марқұм Диана ханшайымның екі ұлының үлкені Уильям ханзада 29 сәуір 2011 жылы Кэтрин Миддлтонға үйленген.
XS
SM
MD
LG