Accessibility links

Алматыда ҰҚК генералының соты басталды


Сот балғасы. Көрнекі сурет.

Сот балғасы. Көрнекі сурет.

Сейсенбі күні Алматының ауданаралық мамандандырылған әскери сотында Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің генерал-майоры Әбдіразақ Ильясов пен оның қарамағында болған үш адамның үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша сот басталды. Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Төртеуіне қарсы іс Қазақстан қылмыстық кодексінің үш бабында қарастырылған «ауыр» және «өте ауыр» саналатын қылмыстар бойынша қозғалған. Тергеу қортындысында айыпталушыларға «қызмет лауазымын пайдаланып, «Батыс» шекара қызметі аймақтық басқармасына қарасты шекарадағы «Бейнеу т/ж», «Тәжен авто» және «Сырым авто» бекеттерінен кедергісіз өткізгені үшін ақша бопсалап, шетелдік азаматтардан 100 миллион теңгеден аса пара алған» деген айып тағылған.

23 шілде күнгі сот отырысына алқабилер құрамына шақырылған бірнеше кандидат келмей қалғандықтан осы сот ісін қарайтын алқабилер құрамы белгіленген жоқ. Қосымша кандидаттарды шақыру үшін 7 тамыз күнгі таңертеңгі сағат 10-ға дейін сот ісінде үзіліс жарияланды.
XS
SM
MD
LG