Accessibility links

Лондонда Назарбаев Кэмеронмен кездесті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) және Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон. Лондон. 21 шілде 2013 жыл. Сурет akorda.kz сайтынан алынды.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) және Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон. Лондон. 21 шілде 2013 жыл. Сурет akorda.kz сайтынан алынды.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Лондонда Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмеронмен кездескен. Бұл туралы 23 шілде күні Қазақстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында екі басшы «Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері жөнінде ұстанымдарды тағы да келісіп, екі елдің сауда-экономикалық өзара іс-қимылын одан әрі жандандырудың негізгі аспектілерін қарастырды, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздік мәселесі мен халықаралық күн тәртібін талқылады» делінген ресми ақпаратта.

Сонымен бірге Ұлыбритания үкіметінің жетекшісінің «Қазақстанға мемлекеттік сапармен келгенінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысы қаралғаны» айтылған.

Дэвид Кэмерон Қазақстанға шілденің басында келіп кеткен еді.
XS
SM
MD
LG