Accessibility links

Испания соты Әблязовтың оққағарын экстрадициялау туралы үкім етті


Мұхтар Әблязов, бұрынғы банкир, оппозициялық саясаткер.

Мұхтар Әблязов, бұрынғы банкир, оппозициялық саясаткер.

Қуғындағы қазақстандық олигарх, оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовтың бұрынғы оққағарының заңгерлері клиенттерін Испания соты экстрадициялау туралы үкім шығарғасын шағымданатындарын мәлімдеді.

Мадрид соты Александр Павлов туралы шешімді 22 шілде күні мәлім еткен. Астана Павловқа қаржылық алаяқтық пен терроризм бойынша айыптар тағады.

Павловтың заңгерлері айыптарды негізсіз көреді және Әблязовтың қайда екенін анықтау үшін жасалған амал деп біледі. Оппозициялық саясаткер, бұрынғы банкир Мұхтар Әблязов 2009 жылы елден қашып кеткен еді. Оның қайда тұратыны әлі белгісіз.

Қазақстан билігі оған қаржылық алаяқтық жасады деген айып тағады.

Әблязовтың әйелі мен қызы мамырдың соңында Италиядан Қазақстанға қажетті құжаттары бола тұра депортацияланған еді. Бұл әрекетке қатысты кейін италиялық лауазымды шенеунік отставкаға кеткен.

2011 жылы Ұлыбритания Әблязовқа саяси баспана берген болатын.
XS
SM
MD
LG