Accessibility links

Болгарияда демонстранттармен қақтығыс болды


Шеруге шыққан адамдар. София.

Шеруге шыққан адамдар. София.

Болгариядағы қарсылық акциясы кезінде бірнеше адам жараланды. Шеруге шыққандар парламент ғимаратын қоршап алып, оның соңы полициямен қақтығысқа ұласты.

Олар «Мафия!», «Отставкаға!» деп ұрандап депутаттар мінген автобусты парламент ғимаратына өткізбей қойған. Салдарынан шеруге шыққан жеті адам, полиция жағынан екі адамның зардап шеккені хабарланды.

Еуропадағы кедей елдердің бірі болып саналатын Болгарияда үкіметке қарсы акция 40 күннен бері жалғасып жатыр. Күнде София көшелеріне мыңдаған адам шеруге шығып, социалистердің жаңа үкіметінің отставкаға кетуін талап етіп отыр.

Шеруге шыққандар негізінен қауіпсіздік қызметі басшылығына медиа магнаттардың бірінің ұсынылғанына наразы болған. Олар мұны мемлекеттік органдардағы жемқорлықтың өскені деп бағалайды. Осы тағайындау жөніндегі жарлық қарсылықтан кейін қайтарып алынды. Алайда шеруге шығушылар жемқорлықты жойып, кедейлікпен күресте түбегейлі реформа жасауды талап етіп келеді.
XS
SM
MD
LG