Accessibility links

Болгария: полиция шенеуніктерді эвакуациялады


Полиция шеруге шыққандарды тарқату кезінде. София. 23 шілде, 2013 жыл.

Полиция шеруге шыққандарды тарқату кезінде. София. 23 шілде, 2013 жыл.

Сәрсенбі күні Софияда полиция шенеуніктерді парламент ғимаратынан эвакуациялап, шеруге шыққандар құрған баррикаданы бұза бастады. Бұған дейін демонстранттар шенеуніктерді автобуспен алып шықпақ болғанда полиция әрекетіне тойтарыс берген еді.

Болгария полициясы мұның алдында парламент ғимараты маңында жиналып жүзден астам депутат пен министрді шығармай тұрған демонстранттарды қуып таратқан болатын.

Олар жеті сағаттан астам ғимаратты қоршап, үкіметтің отставкаға кетуін талап етті.

Шеруге шыққандарды тарқату кезінде кем дегенде сегіз демонстрант және екі полицей жараланғаны хабарланды.

Сейсенбі күні адамдар парламент ғимаратын қоршап алғанда Болгариядағы билікке қарсы шеруге 40 күн толған еді. Жиналғандар мамыр айында сайланған социалистік бағыттағы үкіметтің жұмысына риза емес екендіктерін білдірген.
XS
SM
MD
LG