Accessibility links

Қазақстан елшісі: Италияға қысым жасалған жоқ


Италияның ішкі істер министрі Анджелино Альфано

Италияның ішкі істер министрі Анджелино Альфано

Қазақстанның Италиядағы елшісі Андриан Елемесов 24 шілде күні италиялық ішкі істер министріне қуғындағы оппозициялық олигарх Мұхтар Әблязовтың туыстарын депортациялауға қатысты Астана қысым жасаған жоқ деп мәлімдеді.

Алма Шалабаева мен оның алты жасар қызы 31 мамыр күні Италиядан Қазақстанға жеке ұшақпен депортацияланған еді. Бұл әрекет Италия оппозициясы мен халықаралық құқық қорғаушылардың назарына ілініп, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ыңғайына жығылу деп бағаланған.

Италия үкіметі кейін депортацияны қатаң айыптап, оған қатысы бар ресми өкілдерді сынаған. Бұл оқиға экономикалық тығыз қарым-қатынас орнатқан екі ел арасындағы байланысқа сызат түсірген.

Il Giornale басылымына сұхбат берген Елемесов италиялық ішкі істер министрін көрмегенін, тек депортациялануға тиіс адамдар туралы "Интерпол" құжаттарын министрлікке жеткізіп бергенін айтқан.

Алма Шалабаеваның күйеуі Мұхтар Әблязов - өзін саяси себеппен қудаланып жатырмын деп санайтын оппозициялық олигарх, бұрынғы банкир. Ол өзі басқарған БТА банкі мемлекет қарамағына алынғасын 2009 жылы шетке қашып шыққан. Әблязовқа Қазақстан билігі қаржылық алаяқтық жасады деген айып тағып, іздеу жариялаған. Оның қазір қайда тұратыны белгісіз.
XS
SM
MD
LG