Accessibility links

Қажылыққа баратындарға вирус қаупі ескертілді


Қажылыққа бара жатқан қазақстандықтар әуежайда отыр. Алматы, 16 қазан 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
Қажылыққа бара жатқан қазақстандықтар әуежайда отыр. Алматы, 16 қазан 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
Қажылыққа баратын денсаулығы нашар қазақстандықтарға тәжді вирусқа шалдығу қаупіне орай ескерту жасалды.

Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин осы ауруға байланысты Сауд Арабиясындағы жағдайдың күрделі екенін мәлімдеді. Ол осы туралы діни басқармаға ескертілгенін айтқан.

"Сауд Арабиясында 77 адамнан сол вирус анықталып, оның 44-і қайтыс болған" дейді Бекшин.

Оның айтуынша, иммунитеті әлсіз, жасы ұлғайған, қант диабеті тәрізді созылмалы дерттерге шалдыққан адамдардың Сауд Арабиясына сапар шегуден сақтанғаны жөн.

"Жолға шығардан бұрын учаскелік дәрігермен кеңесіп алған дұрыс" дейді маман.

Бұдан бұрын тәжді вирусқа байланысты биыл қажылыққа баратындар саны 20 пайызға қысқаруы мүмкін екені хабарланған еді. Жаңа вирус қажылыққа баратындарды біраздан бері алаңдатып келеді.
XS
SM
MD
LG