Accessibility links

Өзбекстанда тәуеліз UzMetronom.com жаңалықтар сайтының жетекшісі Сергей Ежков сайт жұмысы белгісіз мерзімге тоқтайтынын хабарлады.

Бейсенбі күні Fergananews.com сайтында Өзбекстан әскери прокурорының UzMetronom.com жаңалықтар сайтының басшылығына заң талабын бұзғаны туралы жолдаған ескерту хаты жарияланды. Онда 23 шілде күні өзбек-қырғыз шекарасында болған атыс туралы сайтта шыққан хабарлама аталған. Ол атыста екі өзбек шекарашысы қаза тапқан еді.

Ежков қазіргі қалыптасқан жағдайдың қанша уақытқа созылатынын білмейтінін айтып, UzMetronom.com сайтының жұмысында «үзіліс» екендігін, бірақ біржола тоқтамайтынын жеткізген. Ол сайт жұмысын жалғастыру үшін елден тысқары жерден Өзбекстан тақырыбына жазатын тілшілер табуға тырысатынын мәлімдеген.

2006 жылдан осы уақытқа дейін жұмыс істеген UzMetronom.com сайтында Өзбекстанның тыныс-тіршілігі туралы хабарлар жарияланып келген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG