Accessibility links

Назарбаев Испания короліне көңіл айтты


Пойыз апаты салдарынан жараланған қызды алып келе жатқан құтқарушы. Испания, 24 шілде 2013 жыл.

Пойыз апаты салдарынан жараланған қызды алып келе жатқан құтқарушы. Испания, 24 шілде 2013 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Испанияның Галисия провинциясында болған теміржол апатына байланысты испан королі Бірінші Хуан Карлосқа көңіл айтып жеделхат жолдады. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Назарбаев Сантьяго-де-Компостела қаласы маңында теміржол апатынан көп адамның қаза болғаны туралы жайсыз хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын, сондай-ақ жеке өзінің және Қазақстан халқының атынан қайғырып көңіл айтатынын жеткізген.

«Осы қиын сәтте, қымбатты досым, қаза тапқан және зардап шеккен жандардың туған-туыстары мен жақындарына менің көңіл айтуымды және қолдауымды жеткізуді сұраймын» делінген жеделхатта.

24 шілде күні Испанияның солтүстік-батысында Мадридтен шығып Феррольға қатты жылдамдықпен кетіп бара жатқан жолаушылар ұшқыр пойызы темір жол бұрылысында рельстен шығып кетіп, апат салдарынан кемінде 77 адам қайтыс болып, 131 адам жараланған.
XS
SM
MD
LG