Accessibility links

Құбыр апатынан соң Зыряновск сусыз қалды


Шығыс Қазақстан облысының аумақтық картасы.
Шығыс Қазақстан облысының аумақтық картасы.
Шығыс Қазақстан облысындағы Зыряновск қаласының орталық су құбырындағы бейсенбі күні болған апат кесірінен 457 көппәтерлі және 5443 жеке тұрғын үй сусыз қалған. Қалыптасқан жағдайға байланысты Зыряновск қаласында төтенше жағдай жарияланды деп хабарлады Өскеменнің YK-news жаңалықтар сайты.

Апат салдарын жою жұмыстарын алдағы екі тәуліктің ішінде аяқтау жоспарланып отырғаны айтылады. Қалалық су арнасының басшылығы апат жойылған соң тұрғындарға 12 сағаттың ішінде су беріледі деп хабарлаған.

Әзірге Зырянoвск тұрғындарына төрт тәулікке жететін су қорын жинап алуға кеңес берілген. Қаладағы тұрғын үйлер, ауруханалар мен балабақшаларға көлікпен су жеткізу ұйымдастырылған.
XS
SM
MD
LG