Accessibility links

Пәкістан: құрбандар саны 53 адамға жетті


Пәкістандық дәрігер жарылыстан зардап шеккен адамға жәрдем көрсетіп жатыр. Парачинар, 26 шілде 2013 жыл.

Пәкістандық дәрігер жарылыстан зардап шеккен адамға жәрдем көрсетіп жатыр. Парачинар, 26 шілде 2013 жыл.

Пәкістанның солтүстік-батысында, Ауғанстанмен шекарадағы Куррам ауданында жұма күні кешке болған екі жарылыс салдарынан құрбан болғандар саны 53 адамға жеткен, кемінде 180 адам жараланған. Бұл туралы Азаттықтың Пәкістан қызметіне ресми билік өкілдері хабарлаған.

Тұрғындардың айтуынша, мотоцикль мінген жанкештілер Парачинардағы базар маңында жарылыс жасаған кезде, Ораза уақыты болғандықтан, кешкісін базарда тамақ алуға келген жұрт көп болған.

Шийттерге қарсы бағытталған бұл жарылысты өз мойнына алатынын Ансар әл-мұджахидден тобы Азаттыққа мәлімдеген. Жергілікті шийттер қауымдастығы үш күн аза тұтатындарын жариялады.

Куррам ауданында шийттер мен сүниеттер арасында қақтығыстар болып тұрады.
XS
SM
MD
LG