Accessibility links

Астананың қан құю орталығы: Қанда вирус болмаған


Науқас балаға қан құю. Көрнекі сурет.
Науқас балаға қан құю. Көрнекі сурет.
Астанадағы «Ана мен бала» ұлттық орталығына берілген донор қанының құрамында С гепатитінің вирусы табылмады деп мәлімдеді сенбі күні Астанадағы трансфузиология ғылыми-зерттеу орталығы директорының орынбасары Шайжамал Мұсабекова.

«Балаларға вирус донор қаны арқылы жұққан деген болжамды біз толықтай жоққа шығарамыз. Біз өзіміздегі өнімнің қауіпсіздігіне кепілдік береміз» деді ол.

Оның айтуынша, денсаулық сақтау министрлігі «Ана мен бала» ұлттық орталығы мен трансфузиология ғылыми-зерттеу орталығындағы қорда бар донорлық қан құрамына тексеру жүргізген. «Балаларға құйылған қан үлгілерінің 90 пайызын біз қайтара тексердік» деді Мұсабекова.

Бұған дейін Астанадағы «Ана мен бала» ұлттық ғылыми орталығында лейкемия (лейкоз) ауруынан емделіп жатқан 3 ай мен 16 жас аралығындағы 30 бала С гепатиті дертін жұқтырғаны белгілі болған еді. Ата-аналары балаларға бұл дерттің ұлттық орталықта құйылатын қан арқылы жұғуы мүмкін екенін айтып, наразылық білдірген.

Осындай жағдай былтыр Алматы қаласында тіркелген еді: С гепатиті вирусын жұқтырған балалардың ата-аналары Алматыдағы Бостандық аудандық сотына талап-арыз беріп, республикалық қан құю орталығы мен педиатрия орталығын («Ғылыми педиатрия орталығы және балалар хирургиясы») жауапқа тартуды сұраған еді. Сот дәрігерлердің кінәсі жоқ деген шешім шығарған.
XS
SM
MD
LG