Accessibility links

Египетте қарсылық акциясы жалғасып жатыр


Египеттің бұрынғы президенті Мұхаммед Мурсиді қолдайтындар полицияға тас лақтырып қарсылық танытып жатыр. Наср, 27 шілде 2013 жыл.
Египеттің бұрынғы президенті Мұхаммед Мурсиді қолдайтындар полицияға тас лақтырып қарсылық танытып жатыр. Наср, 27 шілде 2013 жыл.
Египетте бұрынғы президент Мұхаммед Мурсиді қолдайтын мыңдаған адам наразылық акциясын жексенбі күні де жалғастырып, ел астанасы Каирдегі Рабаа әл-Адавия мешітінің қасында отыр.

Сенбі күні елдің денсаулық сақтау министрлігі Мурсиді жақтайтындар мен полиция күштері арасындағы қақтығыстар салдарынан 65 адамның мерт болғаны туралы хабарлаған. «Мұсылман бауырлар» қозғалысы қаза тапқандар саны 100 адамнан асады деп мәлімдеп, наразылық шеруіне шыққандарға «оқ атты» деп билікті кінәлаған еді.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри қантөгісті айыптап, Египет билігін азаматтардың сөз бостандығы мен бейбіт шеру өткізу құқығын құрметтеуге шақырған.

Египетте шілденің 3-і күні әcкерилер биліктен шеттеткен президент Мұхаммед Мурси палестиндік ХАМАС тобымен әріптестік орнатқан деген күдікпен 15 күнге қамалғаны туралы жұма күні хабарланған еді. «Мұсылман бауырлар» қозғалысы Мурсиді бұрынғы қызметіне қайтаруды талап етіп отыр.
XS
SM
MD
LG