Accessibility links

Кувейт: парламент сайлауында шийттер аз дауыс алды


Кувейт әмірі әл-Ахмад әл-Жабер әл-Сабах. Көрнекі сурет.
Кувейт әмірі әл-Ахмад әл-Жабер әл-Сабах. Көрнекі сурет.
Кувейтте 27 шілдеде өткен сайлаудың жексенбі күні жарияланған ресми қортындысына сәйкес, шийттерге парламенттегі 50 орынның тек 8-і ғана тиген. Бұның алдындағы сайлауда шийттер парламенттен 17 орын иеленген еді.

Кувейт үкіметі елдегі 400 мыңнан астам сайлаушының 52,2 пайызы дауыс беруге қатысты деп хабарлаған биылғы сайлауда либералдар басымдылығы байқалып отыр. Бұған дейін Кувейтте осыдан сегіз ай бұрын өткен парламент сайлауы кезінде заң ережелері бұзылғаны себепті маусым айында сот шешімімен желтоқсандағы сайлаудың нәтижесі күшін жойған болатын.

Саяси партиялар құруға тиым салынған Кувейтте парламентке мүше болғысы келген әркім сайлауға дербес түсіп бақ сынайды. Биылғы парламент сайлауына 321 үміткер қатысқан. Елдегі билік Кувейт әмірі әл-Сабах әулетінің қолында.
XS
SM
MD
LG