Accessibility links

Пәкістанда 18 адам арақтан уланып өлген


Полиция өкілдері Пешаварда тәркіленген контрабандалық арақ-шарапты көрсетті. Пәкістан, 20 наурыз 2013 жыл. Көрнекі сурет.

Полиция өкілдері Пешаварда тәркіленген контрабандалық арақ-шарапты көрсетті. Пәкістан, 20 наурыз 2013 жыл. Көрнекі сурет.

Пәкістан билігінің хабарлауынша, Файсалабад қаласында сапасыз алкогольді ішімдік ішкен 18 адам қайтыс болып, қатты уланып қалған жиырмаға жуық адам ауруханада ауыр халде жатыр. Бұл туралы Франс-Пресс агенттігіне 28 шілдеде полицияның жоғары шенді шенеунігі айтқан.

«Бейсенбі күні туған күн кешінде болған бес адам, ертеңінде басқа шараға қатысқан 13 адам қайтыс болған, екі оқиға да Батал аймағында тіркелген» деген ол.

Тағы бір полиция өкілінің айтуынша, сапасыз ішімдік ішкендердің көпшілігі үйлеріне жеткен соң қайтыс болған. Жергілікті билік құқық органдарына бұл оқиғаға байланысты тергеу жүргізуді тапсырған.

Ирак мемлекеті немесе Иран еліндегі сияқты, Пәкістанда да ислам дінін ұстанбайтындарға ғана алкогольді ішімдікті сатып алуға және ішуге рұқсат берілген. Бірақ, қолдан арақ-шарап контрабандасы мен қолдан ішімдік жасау оқиғалары Пәкістанда ара-тұра әшкереленіп жатады.
XS
SM
MD
LG