Accessibility links

АҚШ түрмесінде жаппай аштық акциясы өтіп жатыр


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
АҚШ-тың Калифорния штатындағы түрмеде қамауда отырғандар аштық жариялағалы 20 күн өтті.

Наразылық акциясына қатысушылардың қолдайтындар сенбі күні тұтқындардың бірі осыдан бірнеше күн бұрын «Коркоран» түрмесінде қайтыс болғаны туралы хабарлады. Бірақ жергілікті билік марқұмның ажалына тамақтан бас тартуы себеп болғаны жайлы сөзді үзілді-кесілді жоққа шығарып, ол адам «өзіне өзі қол жұмсап өлген» деп мәлімдеген.

Бұл аштық акциясы Калифорния штатының түрмесінде тұтқындарды жалғыз адамға арналған камерада ұстауға наразылық ретінде өтіп жатыр. Штат тарихында бұрын-соңды мұндай көлемді қарсылық акциясы болған емес.

Тұтқындарды қолдайтындар түрмедегі наразылық шарасына 30 мыңнан аса адам қатысып жатқаны туралы деректер келтірген.
XS
SM
MD
LG