Accessibility links

Египет: Беблавиге айрықша құқық берілді


Мұхаммед Мурсиді жақтайтындар наразылық акциясы кезінде жараланған адамды көтеріп бара жатыр. Наср, 27 шілде 2013 жыл.
Мұхаммед Мурсиді жақтайтындар наразылық акциясы кезінде жараланған адамды көтеріп бара жатыр. Наср, 27 шілде 2013 жыл.
Египет президенті міндетін атқарушы Адли Мансур уақытша үкіметтің жетекшісіне айрықша құқық беретін жарлық шығарды: енді уақытша премьер-министр Хазем әл-Беблави әскерилерге азаматтық тұлғаларды тұтқындауға бұйрық бере алады. Бұған қоса Беблави, адам өлтіру қылмысына қатыстыдан басқа, қауіпсіздік бойынша төтенше мемлекеттік соттың шығарған кез келген шешімін өзгерту құқығына ие болды.

28 шілде күні жария етілген бұл жарлық елде биліктен шеттетілген бұрынғы президент Мұхаммед Мурсидің жақтастары жаппай наразылық акцияларын тоқтатпайтындары туралы мәлімдемелер айтып жатқан кезде шығып отыр.

Бұған дейін, сенбі күні Египеттегі қақтығыстар салдарынан 72 адам қаза болған.
XS
SM
MD
LG