Accessibility links

Италияда көлік апатынан 36 адам мерт болған


Жексенбі күні Италияның оңтүстігінде жол бойындағы бірнеше автокөлікке соғылған соң, биік жолдан ылдиға аунаған автобуста отырғандардан кемінде 36 адам қаза болған. Автобуста барлығы 50-ге тарта адам болған. Құтқарушылар 11 адамды қираған көлік ішінен сыртқа аман алып шыққан.

Полицияның алдын ала болжамы бойынша, автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған. Қаза тапқандардың арасында жүргізушінің өзі де бар.

Автобус жолаушылары Италияның оңтүстігіндегі Кампания аймағында зиярат етіп, Неапольге кетіп бара жатқан еді.
XS
SM
MD
LG