Accessibility links

Yandex-ті құрушылардың бірі қайтыс болды


Yandex-ті құрушылардың бірі Илья Сегалович.

Yandex-ті құрушылардың бірі Илья Сегалович.

Лондон ауруханасында ресейлік Yandex іздеу торабының негізін салушылардың бірі Илья Сегалович қайтыс болған. Yandex компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Сегалович 28 шілде күні 49 жасында өмірден озған.

Илья Сегалович Ұлыбританияда қатерлі ісік ауруынан емделіп жатқан еді. Дәрігерлер оны өткен жылдың қыркүйегінде қатерлі ісікке шалдыққан деп тапқан.

Компания таратқан мәлімдемеге қарағанда, 25 шілдеде дәрігерлер оның миы жұмыс қабілетін тоқтатқанын анықтап, 27 шілде күні науқасты жасанды дем алдыру түтікшесінен ажыратқан.

Сегалович Yandex-тің техникалық директоры болған еді. Ресейде интернеттен ақпарат іздеу көрсеткішінің 62 пайызы Yandex-тің үлесіне тиеді. Ол әлем бойынша танымалдылығы жағынан төртінші орында тұрған интернет торабы.

Сегаловичтің денесі 31 шілдеде Ресейге жеткізіліп, 1 тамызда жерленбек.
XS
SM
MD
LG