Accessibility links

Сирияда үкімет әскері Хомсқа шоғырлана бастады


Хомс провинциясындағы қираған үйлер. 12 шілде 2013 жыл.

Хомс провинциясындағы қираған үйлер. 12 шілде 2013 жыл.

Сирия үкіметінің әскері ливандық "Хезболла" ұйымы жауынгерлерінің көмегімен Хомс провинциясына орнықты. Жексенбіде Сирия оппозициясының өкілдері президент Башар Асадты қолдайтын күштер көтерілісшілер бақылауында қалған аз ғана аудандардағы оппозициялық топтарды басып-жаншуға тырысып отыр деп хабарлаған.

Көтерілісшілер "революция астанасы" деп атап келген Хомс қаласына шабуыл олардың бақылауындағы территорияларды қайтарып алуды көздейтін билік операциясының бір бөлігі болып саналады. Егер үкімет әскері Хомсты өз бақылауына алса, Башар Асад күштері үшін үлкен жеңіс болғалы тұр. Себебі Хомс провинциясы Дамаскіні елдің оңтүстігімен жалғайтын жолдың бойында орналасқан.

Сирия армиясы өткен айда Ливанмен шекарадағы стратегиялық Кусейр қаласын алған еді.

БҰҰ-ның деректері бойынша, Сирияда азамат соғысы басталғалы бері 100 мыңнан астам адам қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG