Accessibility links

Иракта жарылыстардан ондаған адам мерт болды


Бағдадтағы жарылыс болған аудандардың бірі. Ирак, 3 шілде 2013 жыл. Көрнекі сурет.
Бағдадтағы жарылыс болған аудандардың бірі. Ирак, 3 шілде 2013 жыл. Көрнекі сурет.
Иракта дүйсенбіде шииттер басым тұратын бірнеше аймақта жарылыстар болып, кемінде 44 адам қаза тапты.

Полицияның хабарлауынша, Бағдадтан 150 километрдегі Кут қаласында автобус бекеті маңында бомба жасырылған көлік жарылып, 10 адам мерт болған. Бағдадтан 30 километр қашықтықтағы Махмудия қаласында да бомба жарылысынан төрт адам қаза болды.

Өзге жарылыстар Бағдад қаласы мен оның маңындағы Садр, Хабибия, Хуррия, Қадимия және Рисала аудандарында болған.

Ирактағы зорлық-зомбылық құрбандарына мониторинг жасау тобының дерегі бойынша, жыл басынан бері Иракта жарылыстардан 4 мыңға жуық адам қаза тапқан.

Иракта сүнниттер, шииттер және күрдтердің билікті бөлісе алмауы елде үлкен зорлық-зомбылық тудыруы мүмкін деген қауіп тудырып отыр.

Соңғы айларда исламшыл сүнниттік жауынгерлер билікте отырған шииттерге қарсы шабуылдарды жиілетті.
XS
SM
MD
LG