Accessibility links

Қарағандыда ер адам өз-өзін өртеді


Қарағанды облысының аумақтық картасы. Көрнекі сурет.

Қарағанды облысының аумақтық картасы. Көрнекі сурет.

Қарағандыда 55 жастағы ер адам өзін-өзі өртеп мерт болды. Бұл туралы Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің ресми сайтында хабарланды.

ІІД ақпаратына қарағанда, марқұмның денесін бүгін таңертең қала көшелерінің бірінен туыстары тапқан. ІІД-ге куәгерлер ер адам өз-өзін өртемес бұрын үстіне бензин құйғанын айтқан.

Алдын-ала деректер бойынша, ер адамның өз-өзін өртеуіне оның үстінен өзі жұмыс істеген көлік жөндеу орнынан газ баллонын ұрлады деп қылмыстық іс қозғалғаны себеп болған.

Қазақстанда өткен жылы Шымкентте ер адам өз-өзін өртеп қайтыс болған еді.
XS
SM
MD
LG