Accessibility links

Киев Русінің шоқындырылғанына орай құлшылық өтті


Мәскеу және Ресей патриархы Кирилл (сол жақтан екінші) мен беларусь дінбасылары құлшылық кезінде. Минск, 29 шілде 2013 жыл.
Мәскеу және Ресей патриархы Кирилл (сол жақтан екінші) мен беларусь дінбасылары құлшылық кезінде. Минск, 29 шілде 2013 жыл.
Минскіде православиелікті ұстанатын ондаған мың адам Киев Русінің христиандықты қабылдағанына 1025 жыл толуына орай өткен литургияға (діни құлшылық) қатысты.

Минскінің тарихи ауданындағы 11 ғасырда салынған православие храмы жанында өткен құлшылықты Орыс православие шіркеуінің патриархы Кирилл жүргізді. Шараға Беларусь митрополиті Филерет және басқа да беларусь дінбасылары қатысты.

Минскіге Грекиядан христиандарда қасиетті саналатын әулие Андрей Первозванный таңылды делініп, бірнеше ғасыр бойына сақталып келген айқыш әкелінді. 2 тамызда оны Грекияға қайтадан әкетеді.

982 жылы князь ұлы Владимир христиандықты қабылдап, православиелікті Киев Русінің мемлекеттік дініне айналдырған.
XS
SM
MD
LG