Accessibility links

Ресей: Сноуден босқындар орталығына жіберілуі мүмкін


Эдвард Сноуден (ортада) Шереметьево әуежайында ресейлік және шетелдік құқық қорғаушылармен кездесіп отыр. Мәскеу, 12 шілде 2013 жыл.

Эдвард Сноуден (ортада) Шереметьево әуежайында ресейлік және шетелдік құқық қорғаушылармен кездесіп отыр. Мәскеу, 12 шілде 2013 жыл.

Ресейдің миграциялық қызметі дүйсенбіде АҚШ арнайы қызметінің бұрынғы агенті Эдвард Сноуденнің уақытша саяси баспана сұраған өтініші қанағаттандырылса, Мәскеу маңындағы босқындар орталығына орналастырылуы мүмкін екенін хабарлады.

Федералдық миграция қызметі Мәскеу филиалының басшысы Ольга Кириллованың айтуынша, Мәскеудің өзінде ыңғайлы босқындар лагері жоқ.

Жексенбіде федералдық миграция қызметінің өзге бір шенеунігі егер саяси баспана берілсе, Сноуденнің Ресейді еркін шарлап жүруі қауіпті екенін айтқан еді.

Өткен айда Эдвард Сноуден АҚШ арнайы қызметінің түрлі елдердегі азаматтардың интернеттегі және телефондағы байланыстарын жасырын тыңдайтын құпия бағдарламасын жұртшылыққа жария еткен. Бағдарлама халықаралық деңгейде жанжал тудырып, АҚШ-тың одақтастары да оған наразылық білдірген.

Ол 23 маусымда Гонконгтен Мәскеуге ұшып келіп, содан бері Шереметьево әуежайында тұрып жатыр.
XS
SM
MD
LG