Accessibility links

Рим Папасы: Гомосексуалдарды айыптауға болмайды


Рим Папасы Франциск Бразилиядан қайтар жолда ұшақта журналистерге сөйлеп тұр. 28 шілде 2013 жыл.

Рим Папасы Франциск Бразилиядан қайтар жолда ұшақта журналистерге сөйлеп тұр. 28 шілде 2013 жыл.

Рим Папасы Франциск гомосексуалдарды айыптауға болмайтынын және олардың маргиналды топқа айналмауы тиіс екенін мәлімдеді. Бұл туралы Франциск дүйсенбіде Бразилияға сапарынан қайтып келе жатқанда ұшақта журналистермен әңгімесінде айтты.

"Егер гей Құдайға жақындағысы келсе, оны айыптайтындай мен кіммін?" деді ол. Рим Папасының айтуынша, гомосексуалдарды қоғамға кіріктіру қажет.

Ватикан басшысы католик шіркеуінің догмаларына сүйеніп, гомосексуализмнің күнә болып саналмайтынын, бірақ біржыныстылардың жыныстық қатынасқа түсуі күнәлі іске жататынын ескертті.

Франциск католик шіркеуі әйелдерге діни атақ беруге үзілді-кесілді тыйым салатынын, солай болса да әйелдерге шіркеудегі басшылық қызмет пен діни істерде өкілеттіктері кеңеюі тиіс екенін айтты.

Рим Папасы бір апта Бразилияға сапарлап, дүниежүзілік жас католиктер фестивалінің құрметіне Рио-де-Жанейродағы Копакабана жағажайында үлкен діни құлшылық өткізіп қайтты.
XS
SM
MD
LG