Accessibility links

"Wikileaks-ке ақпарат берген" АҚШ сарбазына үкім шықпақ


Брэдли Мэниннг әскери сотта. Мэриленд, АҚШ, 18, шілде 2013 жыл.
Брэдли Мэниннг әскери сотта. Мэриленд, АҚШ, 18, шілде 2013 жыл.
АҚШ-тың әскери соты бүгін америка армиясының сарбазы, Wikileaks сайтына құпия ақпараттарды беруге көмектесті деп айыпталған Брэдли Мэннингке қатысты сот үкімін жарияламақ.

Дүйсенбіде судья Дениз Линд үш күн ойланып барып қандай үкім шығаратыны туралы шешім қабылдағаны туралы хабарлаған еді.

25 жастағы Мэннинг егер айыпты деп танылса, өмір бойы түрмеге жабылуы мүмкін. Мэннингке тыңшылық жасады, компьютерлік алаяқтық істеді, Иракта барлау ақпаратының сарапшысы болып қызмет істеген кезінде Wikileaks-ке мыңдаған құпия құжаттарды берді деген сияқты барлығы 20 айып тағылып отыр.

Брэдли Мэннингтің адвокаты соттағы соңғы сөзінде оны әскери қылмысты әшкерелегеннен басқа ештеңе істемеді деп жақтап сөйледі. Айыптаушы жақ Мэннинигті сатқын деп атап, оны көпшіліктің назарын өзіне аудартқысы келген деді.
XS
SM
MD
LG