Accessibility links

Швейцарияда екі пойыз соқтығысып, 1 адам мерт болды


Швейцария телеарнасының хабарлауынша, дүйсенбі күні кешке елдің батысындағы Во кантонындағы Гранж-пре-Марнан қаласында екі пойыз соғылып, бір пойыздың жүргізушісі қаза тапты. Апаттан 44 адам жараланды. Олардың бесеуінің халі ауыр.

Төтенше оқиға Швейцария астанасы Берннен оңтүстік-батысқа қарай 50 километр қашықтықта болған. Оқиға болған жерде өрт сөндірушілер, құтқарушылар мен полиция жұмыс істеп жатыр.

Қос пойыздың қалай, не себепті соқтығысқаны жайлы әзірге мәлімет жоқ.

Өткен аптада Испанияда жүрдек пойыз апатқа ұшырап, 79 адам құрбан болған еді.
XS
SM
MD
LG